Мессидің ПСЖ-дағы жалақысы белгілі болды

7 Тамыз 2021, 10:47
8220
Бөлісу:
Мессидің ПСЖ-дағы жалақысы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шабуылшы Лионель Месси француздық «Пари Сен-Жермен» футбол клубымен келісімшарт бойынша бонустарды ескере отырып, жылына 50 миллион еуро алады, деп жазды журналист Николо Скира Twitter-дегі парақшасында. 

БАҚ-тың хабарлауынша, ПСЖ 34 жастағы аргентиналыққа маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісімшарт ұсынды.

Бейсенбіде «Барселона» Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген еді.

Аргентиналық футболшы карьерасында тек каталониялықтар сапында ойнаған. Өткен маусымда Испания Примерасында 35 матч өткізіп, 30 гол мен тоғыз нәтижелі пастың авторы атанған.

Айта кетейік, Месси мен «Барселона» арасындағы келісімшарт биыл маусымда аяқталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы