«Қазақстандық Месси» жастар құрамасына шақыртылды

28 Мамыр 2019, 15:29
2454
Бөлісу:
«Қазақстандық Месси» жастар құрамасына шақыртылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан жастар құрамасының алдағы екі ойынға қатысатын футболшыларының тізімі белгілі. 

Александр Москаленко баптайтын 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Фарер аралдары және Черногория жастарымен кездеседі. 

Жиынға 23 футболшы шақырылды:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Нұралы Әліп («Қайрат»), Талғат Кусяпов («Каспий»), Лев Скворцов («Астана»), Дінмұхаммед Қашкен («Касабланка», Испания), Сағадат Тұрсынбай («Ертіс»), Нияз Шугаев («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Геворг Наджарян, Дмитрий Бачек, Жан-Әли Пайруз (бәрі де – «Шахтер»), Артем Попов («Ертіс»), Сұлтанбек Астанов, Адам Адахаджиев (екеуі де - «Қайрат»), Акмаль Бахтияров («Сочи», Ресей);

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев, Артур Шушеначев (екеуі де - «Қайрат»), Еркебұлан Сейдахмет («Левски», Болгария), Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Резерв: Гаврил Кан («Тараз»), Мәди Жақыпбаев, Ильяр Саутов, Сұлтан Сағнаев (барлығы - «Астана»), Марлен Айманов («Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әлібек Қасым («Қыран»).

Жаттықтырушылар штабы: 

Александр Москаленко – аға жаттықтырушы,
 Қайрат Нұрдәулетов –аға жаттықтырушының көмекшісі,
 Александр Кузнецов – аға жаттықтырушының көмекшісі, 
Даниил Рихард – қақпашылардың жаттықтырушысы, 
Нұрлан Битұғылов –дәрігер, 
Қайратәлі Күнходжаев – массажист, 
Айбек Есалинов – массажист, 
Владимир Горячий – видеооператор,
 Дінмұхамед Оралов – менеджер.
Қазақстан жастар құрамасы Фарер аралдарымен 6 маусымдаТофтирде ойнайды. Араға 5 күн салып, Подгорицада Черногория құрамасымен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы