Месси мен Роналдудың ізбасарлары: Холандтың Мбаппе туралы ойы қандай?

21 Желтоқсан 2022, 12:42
2176
Бөлісу:
Месси мен Роналдудың ізбасарлары: Холандтың Мбаппе туралы ойы қандай?

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд өзінің бәсекелесі Килиан Мбаппе туралы не ойлайтынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Әлем чемпионатынан кейін сарапшылар  22 жастағы норвегиялық пен 24 жастағы французды алдағы бірнеше жылда  Криштиану Роналду мен Лионель Месси орнын басады деп пайымдайды.

Жетістіктері арқылы бірін-бірі алған жетелеген Роналду мен Месси сияқты, менің де Мбаппемен бәсекем оң болады деп ойлаймын. Бірақ мен өзімді ешкіммен салыстырмаймын, - деді Холанд Viaplay берген сұхбатында.

Әлем чемпионатында Килиан Мбаппе турнирдің ең үздік бомбардирі атанды. Үш түстілер әлем чемпионатының финалына шығып, Аргентина құрамасынан пенальти сериясынан есе жіберген еді.

Сонымен қатар Мессидің пенальти кезінде Мародонаның аруағынан көмек сұрағанын жазған едік. 

 

Өзгелердің жаңалығы