Мешіттегі садақадан жиналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды

17 Тамыз 2021, 04:12
1833
Бөлісу:
Мешіттегі садақадан жиналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мешіттегі сейфке ұрлыққа түсіп, садақадан жиналған ақшаны алып кеткен күдікті  ұсталды.

Полицияға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылының мешітіндегі сейфтің құлпы бұзылып, садақадан жиналған ақшаның ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру барысында  көрші ауылдың 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Өзгелердің жаңалығы