Мешітке келушілердің заттарын ұрлаған күдікті қолға түсті

23 Қаңтар 2020, 10:48
1875
Бөлісу:
Мешітке келушілердің заттарын ұрлаған күдікті қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Наурызбай ауданының аумағында бір ай бойы ер адам намаз кезінде мешіттердің кіреберісіндегі жеке мүліктерді ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды Елорда Инфо.

1992 жылы туған Д есімді күдікті намаз кезінде мешітке келген. Ыңғайлы сәтті қолдана отырып 27 жасар ер адам намаз уақытында мешітке келушілердің сыртқы киімінің қалталарын тексеріп, сол жерден ақша ұрлап кеткен, - деп хабарлады Наурызбай ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дидар Аханов.

Қазіргі уақытта тергеу барысында күдіктінің бөтен мүлікті ұрлауға қатысы бар екендігі анықталды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. 

Күдікті Алматы қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сонымен қатар, оның басқа қылмыстарға қатыстылығы да тексеріледі.
Өзгелердің жаңалығы