Мешіт қызметкерлері 700 баланы мектеп жарақтарымен қамтыды

22 Тамыз 2022, 17:15
1265
Бөлісу:
Мешіт қызметкерлері 700 баланы мектеп жарақтарымен қамтыды
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің қызметкерлері «Мектепке жол» акциясына үлес қосты. Дін қызметкерлері 700 баланы жаңа оқу жылына дайындауға көмектесті, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Игі істі қала-аудандардағы мешіт ұжымдары да қолдады. «Зекет» қоры арқылы демеушілер мен мешіт өкілдері оқушыларға мектеп сөмкелері сатып алынды. 

Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлының айтуынша, игі іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі филиалының өкілдері қолға алған.

Мәшһүр Жүсіп мешіті атынан 200 сөмке таратамыз. Оның ішіндегі 100 портфель ұл балаларға, 100 сөмке қыздарға арналған. Оқушы құралдарын стып алуға бірінші кезекте мешіт ұжымы атсалысты. Жәшкітерде садақадан жиналған қаржыға сатып алдық. Сонымен қатар зекет пен қайырымдылықтан түскен қаражатты пайдаландық. Жаңа оқу жылы қарсаңында аудандық және қалалық мешіттердің қызметкерлері де «Мектепке жол» акциясын өз жағдайларына қарай ұйымдастырады, - дейді Жолдас қажы Қоспақұлы. 

Айта кетейік, Павлодар облысында балалар жылы аясында оқушыларды әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілген. Атап айтқанда, өңір мектептерінің бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Биыл ас құны 315 теңгеден 450 теңгеге өсті. Сонымен қатар 83 мың бала қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие болды. Бұған бюджеттен 430 млн теңге бөлінген. 

Өзгелердің жаңалығы