Мерзімді қызметтегі сарбаздарды әлеуметтік қолдау шаралары қабылданады – Қорғаныс министрлігі

9 Ақпан 2022, 19:17
1463
Бөлісу:
Мерзімді қызметтегі сарбаздарды әлеуметтік қолдау шаралары қабылданады – Қорғаныс министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанын өткізуге дайындық жалғасуда. Қорғаныс министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың әскери қызмет деген ынтасын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде бірқатар ұсыныстар әзірледі, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қорғаныс ведомствосы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Аталмыш өзгерістер әскерге шақыру жасындағы жастар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға арналған.

Атап айтқанда әскери қызметшілердің мерзімді әскери борышын өтеу кезеңінде олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде жеңілдіктер беру ұсынылады. 

 Қорғаныс министрлігі ұсынып отырған мерзімді әскери қызмет кезеңінде несиені кейінге қалдыру жас қазақстандықтар үшін қосымша қолдау болмақ. Әскери ведомство басқа да, оның ішінде білім беру секторында жеңілдіктер қарастыруды ұсынады.

Одан бөлек, қазіргі уақытта Қарулы Күштерде Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, сарбаздар борышын өтеген кезеңде экономиканың нақты секторында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды алу жөніндегі тапсырмасы да іске асырылуда.

 

Өзгелердің жаңалығы