Мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілер запасқа шығарылды

21 Маусым 2021, 13:47
1410
Бөлісу:
Мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілер запасқа шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштерде белгіленген мерзімдегі әскери қызметін атқарған әскери қызметшілерді запасқа жіберу өтуде. Биыл міндетті әскери борыштарын өтегендерді запасқа шығару 15 маусым мен 31 шілде аралығында өтеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық шараларға сәйкес шығарып салу салтанатты түрде өткізілмейді, алайда әскери дәстүрлі рәсімдер ұйымдастырылады. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер бөлімдердің жауынгерлік туымен қоштасып, алаңда салтанатты саппық шерумен жүріп өтеді.

Жөнелту кезінде әскери қызметшілер медициналық бетперделермен және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етіліп, әскери оқытылған резерв ретінде жергілікті басқару органдарына есепке алынатын болады, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы әскерге шақыру науқанының пандемияға сәйкес кейінге шегерілуіне байланысты сарбаздарды шығарып салу маусым-шілде айларына ауыстырылды.


Өзгелердің жаңалығы