Меркіге жақын маңда 3 қар барысы видеоға түсіп қалды

13 Ақпан 2021, 07:48
2180
Бөлісу:
Меркіге жақын маңда 3 қар барысы видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, қар барыстары Қырғыз Алатауының Меркі ауданына жақын бөлігінде байқалған.

Видеода 3 қар барысының қауіптен алыс, алаңсыз жүргендері анық көрінеді. Меркі орман шаруашылығы директорының орынбасары Азат Еренсіздің айтуынша, орман шаруашылығының аумағында барыстар жиі пайда бола бастағандықтан 11 фототұзақ орнатылыпты. 

Оларды арнайы екі маман бақылайды. 

Ол ғана емес, алдағы уақытта орман шаруашылығы «қызыл кітапқа» енген жануарларды барынша бақылау үшін SMART камераларын қолданбақшы.


Өзгелердің жаңалығы