«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры

25 Шілде 2021, 11:17
2509
Бөлісу:
«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры
PHOTO
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Мерке-Шу-Бурылбайтал» - Жамбыл облысының маңызды жол жобасы. Бұл бағыт «Оңтүстік-Орталық» дәлізінің құрамына кіреді. Автожол Тәтті, Шу, Айдарлы, Бірлік, Хантау және Бурылбайтал мекендерін басып өтеді. Жол салынып біткен соң өңірдің көліктік әлеуетін арттырады. Құрылыс жұмыстары қазір қандай деңгейде екенін және ол қашан аяқталатынын тілшінің материалынан оқи аласыздар.

Автожолдардың жөнделуі Балқаш көлінің жағалауына жайлы жетуге мүмкіндік береді. Осыған дейін Қарағанды облысының аймағына тиесілі «Балқаш-Бурылбайтал» жобасының қалай жүзеге асып жатқаны туралы жазған едік.

Ендігі кезек - жобаның Жамбыл облысында жүзеге асырылуы.

«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры

«Қазавтожол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Айжан Туғанованың айтуынша, учаскенің бастамасы Шу қаласының айналма жолынан басталады.

«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры

Бұл жерде теміржол арқылы өтетін өтпежолдың құрылысы жүріп жатыр. Осыған 200 метр қашықтықта автожол арқылы өтпелі жол салынып жатыр. Ол көлік жүктемесін Шу қаласын айналма жолына бағыттайды. Шудағы айналма жолының учаскесі IІ-санатқа жатады. Оның ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Жалпы «Мерке-Бурылбайтал» учаскесі оңтүстік өңірлерді орталықпен байланыстырып, елордаға апарады. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталды. 2018 жылы біз автожолды жобалауды толық әзірледік. Жолдың жалпы ұзындығы - 262 шақырым, - деді Туғанова.
Оның айтуынша, «Мерке-Шу» учаскесінде қозғалыстың 4 жолағы бар. Ол I Б техникалық категориясына сәйкес келеді.
«Шу-Бурылбайтал» учаскесінде қозғалыстың 2 жолағы бар. Ол II техникалық категорияға сәйкестендірілді. Жобаның құрылысына 2 мердігер компания жұмылдырылған. Олар: Қытайдың «Синь-Синь» құрылыс және дамыту компаниясы мен «АБК Автодор-НС» ЖШС бар консорциумы. Негізгі төрт учаскені жүзеге асыруға 89 млрд теңге қарастырылған. Қазір «АБК Автодор-НС» ЖШС құрылыстың 70 пайызын орындады. Ал «Синь-Синь» құрылыс және дамыту компаниясы жұмыстың 50 пайызын әзірледі. Жасанды құрылымдар құрылысының 90 пайызы аяқталды. Биыл 2 учаскені аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жоба 2022 жылы толық аяқталады, - деді Айжан Туғанова.
«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры

Филиалдың басшысы атап өткендей, учаскедегі құрылыс жұмыстарына 500-ден астам техника мен 900 жұмысшы тартылған. Оның ішінде 68 маман шетелдіктер. Олар - «Синь-Синь» компаниясының қызметкерлері.
Жобаны жүзеге асыруға негізінен жергілікті жұмыс күші тартылды. «АБК Автодор-НС» ЖШС құрамындағы тұрақты қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Жалпы ұжымның 80 пайызы жергілікті мамандардан құралған. Мерке, Шу, Хантау, Мирный, Бурылбайтал елді мекендерінің тұрғындары осы жолды салып жатыр деп айтуға болады, - деді ол.
Туғанова атап өткендей, Жамбыл облысында 2010-2015 жылдары аралығында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» ірі жобасы жүзеге асырылды.
Аталған жоба аясында облыста 495 шақырым автожол төселді. Бүгінде ол тәулігіне 9 мың автокөліктің транзитін қамтамасыз етіп отыр. Қалған жобаларға «Шу-Благовещенка» бағытын айтуға болады. Оның ұзындығы 56 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы құрылысты бастау 2022 жылға жоспарланып отыр. Яғни, бағыт бойынша автожолға күрделі жөндеу жүргізіледі, - деді Айжан Туғанова.
Оның айтуынша, «Мерке-Бурылбайтал» бағытындағы көлік жүктемесі артып отыр.
266 шақырымның 160 шақырымында қозғалыс басталғанын ескерсек, көлік саны артып отырғанын айтуға болады. Егер де осыған дейін тәулігіне 3 мың көлік жүрсе, қазір оның саны 4,5 мыңға жетіп отыр. Біздің облыс транзиттік жол болғандықтан, жүк көлігінің жүтемесі 30 пайызды құрайды, - деді ол.
«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры

Айжан Туғанова көлік саны қаншалықты көп болса, жол-көлік оқиғасының да саны басым болатынын жеткізді.
Жолдар жөнделгеннен кейін ЖКО салдарынан болатын ауыр жағдайлар азайды. Жол қауіпсіз бола түсті, себебі 4 жолақты автожол көліктердің қарама-қарсы қозғалысын тежеді. Сондай-ақ жүгізушілердің ұйықтап кетуі себебінен жол-көлік оқиғаларының саны артып отыр. Қазір біз осы бағыт бойынша жұмыстарды арттырып жатырмыз. Ол автожолдарға шулы жолақтарды салу, қосымша белгілерді арттыруға бағытталған, - деді «Қазавтожол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Айжан Туғанова.
«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры

Өз кезегінде бас мердігер компаниясынан «Мерке-Шу» жобасының жетекшісі Сяу Бо жобаның құрылысы 2019 жылдың сәуірінде басталғанын айтты.
Жоба келісімшарт бойынша 2022 жылға дейін аяқталуы керек. Қазіргі таңда біз асфальт төсеу мен жасанды ғимараттарды жасаумен айналысып жатырмыз. Құрылыс жұмыстары қазақстандық стандарттар мен талаптар аясында жүргізіліп жатыр. Біз жергілікті заң мен тәртіпті сақтауға тырысамыз. I-І I учаскеде 53 қытайлық, 600 қазақстандық маман жұмыс істейді. Техника 300 дананы құрайды, - деді ол.
Сяу Боның айтуынша, жыл бойы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бар күш салынады.

«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры

Алайда қысқы мерзімде құрылыс материалдарын жинауға басымдық беріледі. Қыста жүргізуге болатын кейбір жұмысты атқарамыз. Шикізаттың барлығы - қазақстандық өнім. Соңғы жылдары қазақстандық жолдар жылдам салынып жатыр. Бұл салада ілгерілеу бар. Біздің жобамыз «Нұрлы жол», «Бір белдеу-бір жол» жобасы негізінде салынып жатыр, - деді Сяу Бо.
«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры

Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі - «Орталық-Оңтүстік» бағыты. Жоба 2023 жылы толық аяқталады. Бұл Нұр-Сұлтан мен Алматының арасында ақылы автобан ашылады деген сөз.

Өзгелердің жаңалығы