Мергендер күзде өтетін ел чемпионатына дайындалып жатыр

30 Тамыз 2020, 13:42
1575
Бөлісу:
Мергендер күзде өтетін ел чемпионатына дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун мергендердің алдағы жаттығу жұмыстары қалай өтетінін баяндады деп жазады Olympic.kz. 

Жақын арада бірлескен жаттығу жиындары өткізілмейді. Спортшылар әдеттегідей үй жағдайындағы дайындықты жалғастырады. Көптеген аймақтарда жаттығу жұмысы басталып, команда мүшелері жарысқа дайындала бастады. Бізге оқу-жаттығу жиынын өткізуге рұқсат берген базаларда қарумен толыққанды жаттығу жасауға мүмкіндік жоқ. Сол себепті, спортшылар өздері тұратын аймақтағы тирлерді пайдалануда. Қазан айының басында 2002 жылы туған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жоспарланған. Сондай-ақ, В. Почивалов атындағы халықаралық турнир де жарыс кестесінде бар. Ересектер арасындағы ел чемпионаты мен кубоктік дода қарашада өтеді деген ойдамыз, - дейді Ольга Довгун. 

Айта кетелік, еліміздегі карантин талаптары жеңілдетілген соң, құрама командалар жаттығу жиындарына кірісе бастады.   

Өзгелердің жаңалығы