Мерген Әсем Орынбай Әлем кубогында жеңімпаз атанды

24 Қараша 2023, 04:25
534
Бөлісу:
Мерген Әсем Орынбай Әлем кубогында жеңімпаз атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әсем Орынбай Катар мемлекетінің астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Стенд атудың скит бағдарламасындағы финалда Әсем 60 оқтың 51-ін тәрелкеге дәл тигізді. Кьяра Ди Марциантонио (Италия) жеңімпаздан бір ұпай қалыс қалды. Қола медаль Дания Джо Виццидің (АҚШ) еншісінде. Бұл сында 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады (34 ұпай).

Кеше Әсем алғашқы іріктеуден кейін 72 ұпаймен көш басына шыққан, ал бүгін 44 балл алып, финалға 6-орынмен (116 ұпай) жолдама алды. Қазақ мергені қазір ISSF рейтингінде 7-орында келе жатыр.

Биылғы маусымда Әсем Орынбай әр жарыста тұрақты өнер көрсетіп, бірнеше рет тұғыр биігіне көтерілді. Мамырда Алматыда өткен рейтингтік Әлем кубогында жекелей сында топ жарып, ізін ала әріптесі Эдуард Ещенкомен бірлесіп күміс жүлдегер атанды. Сосын жазда Лонатодағы (Италия) Әлем кубогында аралас жұптар арасында (Эдуард Ещенкомен) 3-орын алған.

Одан қалды Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында да бірнеше рет үздіктер қатарынан көрінді.

Өзгелердің жаңалығы