Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің өңірлерінде «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды.
Берілген өтінімдер саны отбасылық құндылықтарды насихаттау қазақстандықтар арасында өте танымал және сұранысқа ие екенін көрсетті.
Биыл жаңа ережелер аясында «Мерейлі отбасы» байқауына қатысу өтінімдерін тек отбасылардың өздері ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар бергенін атап өту керек.
Енгізілген өзгерістердің арқасында өңірлік комиссияларға барлығы 2768 өтінім, оның ішінде отбасылардан – 1692, заңды тұлғалардан - 1076 келіп түсті.
Өтінімдердің ең көп саны - Алматы (454), Шығыс Қазақстан (232) және Қарағанды (223) облыстарында.