«Мерейлі отбасы» марапаты 17 отбасына берілді

11 Қыркүйек 2021, 18:11
2822
Бөлісу:
«Мерейлі отбасы» марапаты 17 отбасына берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

2021 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурс ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған барлық 17 отбасына «Мерейлі отбасы» атағы берілді, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізуге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу және отбасы институтының мәртебесін арттыру мақсатында бастамашылық жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы