Мереке күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекет жұмыс істемейді

15 Желтоқсан 2023, 18:25
620
Бөлісу:
Мереке күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекет жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қантарда жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитеті өткізу пунктерінің алдында топталуға жол бермеу мақсатында, тасымалдаушыларды және Мемлекеттік шекараны кесіп өткісі келетін өзге де адамдарды ауа райы жағдайларын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын ала жоспарлау және өткізу пункттеріне брондалған күні келу қажеттігі туралы хабардар етті.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу «CarGoRuqsat» (https://cgr.qoldau.kz/ru/start/) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз, - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары мен жүктер өткізілмейді.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы