Меншік иелері бірлестігін тіркеу үшін қандай құжаттар керек екені айтылды

19 Қараша 2020, 12:23
2446
Бөлісу:
Меншік иелері бірлестігін тіркеу үшін қандай құжаттар керек екені айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы әкімдігінің өңірлік коммуникациялар орталығында Мүлік иелерінің бірлестігін, кондоминиумды құру және тіркеу алгоритміне арналған онлайн-брифинг өтті. 

2020 жылғы 7 қаңтарда Мүлік иелерінің бірлестігін, кондоминиумның құру және тіркеу туралы заң қабылданды. Енді пәтер иелері және тұрғын үй емес жайлар иелері басқару нысанын таңдау қажет. Олар мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестікті басқару нысаны ретінде таңдауы керек. 

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев ПИК қызметіне қатысты жылына 3 мыңға жуық шағым келіп түсетінін айтады. Оның басым көпшілігі қаражаттың жұмасалу белгісіздігіне қатысты екен. 

Осыған байланысты аталған заңның мақсаты билікті пәтер иелері және тұрын үй емес жайлардың өз қолына беру. Бұл бағытта қалада көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір Алматыда 8 625 көппәтерлі тұрғын үй бар, оларда 800-ден астам басқару органдары қызмет көрсетеді. Пандемияға байланысты тұрғындарды жинап, жиналыс өткізу мүмкін болмады, тек қыркүйек айынан бастап кездесе бастадық. Осы уақытқа дейін 4,5 мың көппәтерлі тұрғын үйді қамтыған 1 600-ге жуық жиналыс өткізілді. Нәтижесінде 107 мүлік иелері бірлестігі тіркеліп, басқарудың жаңа үлгісі ретінде 174 жай серіктестік таңдалды,-деді ол.  

Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған билік» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының Медеу ауданының халыққа қызмет көрсету бойынша бөлім басшысы Мадина Аманова Меншік иелері бірлестігін тіркеу үшін қандай құжаттар керек екенін атап өтті.

 

Оның біріншісі - өтініш, оны ХҚКО мамандары береді. Екіншіден мәжіліс хаттамасының түпнұсқасы керек. Үшіншіден меншік иелері қауымдастығы Жарлығының екі түпнұсқасы керек, яғни екі қазақша, екі орысша жазылған нұсқасы. Соңғы құжат 2 778 теңге төленген түбіртек. Жалпы тіркеу мерзімі 5 жұмыс күн,-дейді ол. 


 

 

Өзгелердің жаңалығы