«Менің Туым. Менің Отаным!» акциясы: Елорда бойынша мыңнан астам ту ілінді

17 Желтоқсан 2020, 16:09
2262
Бөлісу:
«Менің Туым. Менің Отаным!» акциясы: Елорда бойынша мыңнан астам ту ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджін қолдады. Осылайша, «Думан» қонақ үйінің қасбетіне, терезелер мен балкондарға 30 ту ілінді.


Қазақстан Республикасының үлкен туы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында орнатылды. Акцияны сондай-ақ тұрғындар, үкіметтік емес ұйымдар балкондарда Қазақстан Республикасының туларын орналастыра отырып, шетелде білім алып жатқан студенттер де қолдады.
Әр қазақ баласы үшін тәуелсіздіктен терең, азаттықтан асыл ұғым жоқ шығар. Мінекей, қаншама ғасыр армандаған көк туымыз көгімізде желбіреп тұр. Елбасымыз айтқандай, тәуелсіздікті қолдан ұшырып алу - бабалар аманатына қиянат. Сондықтан ұлт болып келер ұрпаққа тәуелсіздікті аман-есен табыс етуді Алла нәсіп етсін. Әр қазақтың шаңырағына береке, бірлік тілеймін. Елдігіміз жасай берсін!, - дейді әнші, спортшы Ибрагим Ескендір.
Барша қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Мерекеге орай «Менің туым. Менің Отаным!» челленджін қолдаймын. Тәуелсіздік оңай келе салған дүние емес. Сондықтан тәуелсіздіктің не екенін жастардың санасына сіңіру керек. Көк туымыз әрқашан биікте желбірей берсін», - дейді қала тұрғыны Сейілхан Үйсінбеков.

Сонымен қатар азаматтар #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен посттар, фотолар, видео мен Қазақстан Республикасының туымен байланысты сюжеттерді жариялау арқылы белсенді бола алады.


Өзгелердің жаңалығы