"Мені алдай алмайды": Смайылов ақшаның тиімді жұмсалуын бақылайтынын айтты

5 Маусым 2024, 15:15
571
Бөлісу:
"Мені алдай алмайды": Смайылов ақшаның тиімді жұмсалуын бақылайтынын айтты
Фото: Арман Мухатов

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов бюджеттік бағдарламаларға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалу-жұмсалмауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сіз аудиторлық палатаның төрағасы ретінде 2023 жылғы өз жұмысыңызды бағалап жатырсыз. Жұмысыңызда қайшылық бар деп ойламайсыз ба? Сіз қаншалықты шынайы есеп бердіңіз? Қайшылық жоқ па? – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов қайшылық жоқ екенін айтты.

Қайшылық жоқ. Неге? Премьер-министр ретінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері келіп, сол қаражатты сұрады. Маған қандай негізде, қандай мақсатта сұрағаны өте жақсы мәлім. Біз бюджеттік процестер негізінде тиісті қаражатты нақты мәселелерді шешуге белгілеп бағдарладық. Енді іс жүзінде сол қаражат қаншалықты мақсатқа сай жұмсалды, қаншалықты тиімді пайдаланылды? Осы мәселеге бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жауапты. Өкінішке қарай заңбұзушылықтар болды, - деді Смайылов Мәжіліс кулуарында.

Оның сөзінше, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы ретінде Смайылов осы әкімшілермен кездесіп, аудиторлық жұмыстың негізінде олар (қаржыны – ред.) қаншалықты мақсатқа сай, тиімді пайдаланғанын көруіне болады.

Енді олар әртүрлі аргумент айта алмайды. Неге? Себебі, мені алдай алмайды. Қаражатты (Үкімет) бөлгенде, олар маған келіп, нақты мәселелерді айтып, нақты аргументтен келтірген. Сондықтан қазір Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы ретінде мен осы жұмысты тиімді жүргізуіме мүмкіндік бар, - деп айтты Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы