Мендес Хабиб жайлы: Ызалы адам "күйіп кетуі" мүмкін

Мендес Хабиб жайлы: Ызалы адам "күйіп кетуі" мүмкін
17628

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың жаттықтырушысы Хавьер Мендес дағыстандық пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы матчтың өту ықтималдылығын бағалады. Бұл туралы "Prosports.kz" сайтында хабарланды. 

Мендес қос спортшы арасындағы қарымта жекпе-жектің болуы туралы сұраққа жауап берді.

Білмеймін. Менің ойымша, кейбір адамдар бұл жекпе-жекті ұйымдастырғысы келеді, бірақ Хабиб - чемпион, сондықтан  шарт қоятын сол. Бәрі соның қалауымен болуы тиіс. Дәл қазір Хабиб - босс.Мен Хабибтің дайын болатынына кепілдік беремін. Ол жекпе-жекке ызалы түрде шығуы мүмкін, алайда ол спорттық мінезден туған ызалану.  Мен оған сабырлы болуға кеңес беремін, себебі ызалы адам "күйіп кетуі" мүмкін, Конорға да керегі сол. Менің жұмысым осының бәрін қадағалау, - деді Хабибтің жаттықтырушысы.
Еске сала кетейік, Нурмагомедов 2018 жылдың қазан айында титулдық жекпе-жекте МакГрегорды төртінші раундта ауырсыну әдісін сәтті қолданып, жеңген болатын.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы