Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық диджей және музыкант Иманбек Зейкенов тікелей эфирде Роза Рымбаеваның сынына жауап берді.
Effective live-та Иманбекке Роза Рымбаеваның өзіне қатысты айтқан сыны мен шығармашылығына қалай қарайтыны туралы сұрақ қойды.
Біріншіден, ол үлкен кісі, аға буын. Мен оны ешқашан сынамаймын. Онымен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Мен ол кісінің айтқанын тыңдадым, түсіндім, - деп жауап берді Иманбек.
Халық әртісі Роза Рымбаева Аzattyq Rýhy порталына берген сұхбатында Грэмми иегері Иманбек Зейкеновтің жеңісі жай ғана сәттілік деген еді.