Мен оны соңына дейін құтқаруға тырыстым...

22 Қаңтар 2022, 15:03
1878
Бөлісу:
Мен оны соңына дейін құтқаруға тырыстым...
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғандық фельдшер солдатты соңына дейін қалай құтқаруға тырысқанын айтып берді.

Кабир Рафиков - Алматы облыстық жедел-жәрдемінде 18-ші бригаданың фельдшері. Ол 5 қаңтарда ауысымда болған, бүлік басталған уақытта, өз жұмысына адал қызмет етіп, борышын қорықпай орындағандардың қатарында болып, адам өмірін құтқарды.

Оның айтуынша, ең бір ауырға соққаны 18 жасар солдаттың көз жұмғаны.

Оны жедел-жәрдем көлігіне алып келгенде, мен оның тамыр соғысын тыңдадым, оның жүрек соғысын қалыпқа келтіруге тырыстым. Бірақ, барлық әрекет нәтижесіз болды. Оның жүрегі тоқтап қалды... Міне осы ең ауыры. Оны жеткізген қызметкерлердің көзінен үлкен қайғыны көрдім,-дейді Кабир Рафиков.

Сондай-ақ Кабир, бүлікшілердің жедел-жәрдем көлігіндегі полиция мен солдатты шығаруды талап еткенін есіне алды. Сол кезде жас жігіт қорықпастан, науқастарды бөліп-жармайтынын, олардың барлығы бірдей екенін айтып, қарсылық көрсеткен.

Кабир жедел-жәрдемде 2 жыл көлемінде жұмыс істейді.  Осы уақыт ішінде жауапкершіліктің қамытын мойнына мықтап салды.

Олар әр шақыртудың аяғы немен аяқталарын білмейді, бірақ та адам өмірін сақтап қалу үшін барын салады!

Өзгелердің жаңалығы