Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфекционист дәрігер Зарина Ескендір өзінің не себепті вакцина салдыртқаны жайында былай деп баяндап берген екен.
Біріншіден, мен жұқпалы науқастармен байланыстамын. Бұл менің жұмысым және ешқандай костюм 100% қорғамайды.
Екіншіден, мен өзім маусым айында ауырдым және бұл жағдайды қайтадан бастан өткізгім келмейді. Сіз ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет вакцинадан кейінгі сияқты дамымайды.
Үшіншіден, мен ата-анама, туыстарыма індер жұқтырып, вирус тасымалдаушы болғым келмейді, Өйткені мен оларды күнделікті көремін және де мен оларды қорғауым керек.
Төртіншіден, мен «Спутник V» вакцинасына сенемін, өйткені оның клиникалық зерттеулерінің нәтижелері The Lancet беделді журналында жарияланды. Ол сондай-ақ әлемнің 45 елінде тіркеліп, мақұлданды, бұл вакцина британдық-шведтік AstraZeneca-дан кейін екінші орында тұр.
Мен жұқпалы аурулар стационарларының қызметкерлерімен емес, яғни бірінші кезеңде емес, мұғалімдермен бірге екінші кезекте вакцина салдырттым. Неліктен? Себебі мен жүктілікті жоспарладым, бірақ қандай да бір себептермен кейінге қалдырдым. Вакцинаның бірінші және екінші дозалары арасында жүкті болу ұсынылмайды. Екінші дозаны енгізгеннен кейін бірден жүкті болуға болады. Вакцина жаңа болғандықтан, жүктілік патологиясының сәйкес келуін немесе гипотетикалық қауіптерін болдырмау үшін соңғы дозаны енгізуден 3 ай ішінде жүктілікті жоспарлаудан бас тарту ұсынылады, - деп жазды ол.
Сонымен қатар ол болашақта вакцина алған адамға шетелге шығу тұрғысынан артықшылық берілетін болады деген ойда екенін айтты.
Мен адамзаттың өмір сүруі үшін вакциналардың қажет екеніне сенімдімін. Тарихта вакцина арқылы жеңген аурулар баршылық мысалы: шешек, сіреспе, қызылша. Мен бұл жолы пандемияны жеңуге жаппай вакцинация көмектеседі деп сенемін. Вакцинацияланғандарға рәсімнің жүргізілгенін растайтын паспорттар берілетін болады. Екпе салдырту не салдыртпау әркімнің таңдауы. Бірақ менің ойымша, жақын болашақта вакцина алған адамға шетелге шығу тұрғысынан артықшылық берілетін болады деп ойлаймын. Мысалы, қазірдің өзінде қажылыққа тек вакцинацияланғандар ғана бара алады, - деп жазды ол.