«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды

6 Тамыз 2021, 12:45
3194
Бөлісу:
«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастырумен өткен «мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңіпаздары белігіл болды.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаның айтуынша, жоба мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген этнос өкілдерін біріктірді.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды


Тіл - мәдениеттің негізгі элементі және ұлт пен оның бірлігін қалыптастырудың мүлтіксіз шарты. Қазақ тілін сақтау және дамыту біздің мемлекетіміздің мәдени саясатының аса маңызды міндетін құрайды. Сіздер де мемлекеттік тілдің сақталуы мен дамуына баға жетпес үлес қосып отырсыздар,- деді ол.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды

Сонымен қатар ол бірнеше тіл білгеннің артығы жоқ, барлығы тек ниетте екенін айтып Презиедент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін дәлел ретінде келтірді.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды


Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты.Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқытық тәсілі мен кепілдіні қалыптасты, деген еді Мемлекет басшысы.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды


Акцияға еліміздің 14 өңірінен 171 адам қатысты.

19 этнос өкілі белігілі қазақ ақындарының туған ел, туған жер, ана тілі тақырыбындағы жыр жауһарларынан үзінділерді жатқа оқыды.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды


Қатысушылар көбі орыс ұлтының өкілдері олар -70 қатысушы. Сонымен қатар Өзбек, татар, дүнген, күрд, неміс, әзірбайжан ұлттарының өкілдері де белсенділердің қатарында болды. Басым көпшілігі Қостанай, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе, Қарағанды обылыстарының жастары.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды


Бір ай бойы онлайн өткен сайыста қазылар алқасы мұқият зерделеген шешімдерін шығарды. Акция қортындысы бойынша Саметова Хамида (ШҚО), Кочеткова Галина (Ақтөбе облысы), Кефер Ольга (Ақтөбе облысы), Корчемкина Анна (БҚО), Адеева Масрур (Шымкент қаласы) сайыс жеңіпаздары болып танылды.

Ынталандыру алғыс хаттарымен Виктория Дорошка (Қостанай облысы), Мариям Точиева (Ақмола облысы), Кахрабо Юлдашева (Нұр-Сұлтан қаласы), Анюта Трегуб (Ақтөбе облысы), Анастасия Гросс (ШҚО), Индира Белькая (ШҚО), Мажит Герфанов (Қостанай облысы), Светлана Тарасова (Нұр-Сұлтан қаласы) марапатталды.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды


Еске салайық, акция 3 кезеңге бөлініп ұйымдастырылады.

Сайыстың 5-8 сынып оқушылары арасында өткен бірінші кезеңінде 22 этностан 326 адам бақ сынаған еді. Ал 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері аралығында өткен сайыстың екінші кезеңінде 14 этностан 213 адам қатысты.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңіпаздары белгілі болды


Жарыстың жаңа кезеңі алдағы уақытта құқық қорғау , ішкі істер органдары өкілдері арасында өтпек.

Айта кетейік, байқауда бағын сынаған қатысушылардың материалдары Instagram желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегі арқылы қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы