Мемқызметте адал жұмыс істегісі келетіндердің ынтасын тежейтін жемқорлық – Бәйменов

18 Қаңтар 2022, 16:43
2623
Бөлісу:
Мемқызметте адал жұмыс істегісі келетіндердің ынтасын тежейтін жемқорлық – Бәйменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Мемлекеттік істер жөніндегі өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов айтты.

Комитет төрағасының сөзінше, Президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына » деген игі бастамасының кейбіреулер өңін айналдыруға тырысып жатыр.

Жер қойнауының қызығын , жекешелендірудің рахатын көріп , халық қазынасын сорып жүргендер әліптің артын бағып отырғандай үнсіз. Осының өзі оң өзгерістерге қарсылас күштердің әлі де берілгісі келмей отырғанын көрсетуде. Бұл жағдайда президенттің басты тірегі - азаматтық жауапкершілік пен жанашырлық үлгісін көрсетіп , сын сағатта әділет пен теңдік , тәуелсіздік пен мемлекеттігімізді ту еткен , қазір жүйелі өзгерістерді күтіп , сабырлық танытып отырған халық . Тәубешіл халқымыздың тәуекелшіл де бола алатынына реформа мен өзгерістерге қарсы күштердің де көзі жеткен болар, -деді Ә.Бәйменов.

Сондай-ақ оның мәлімдеуінше, Президент өз баяндамасында тығырықтан шығудың бірден бір жолын ұсынған.

Баяндамадағы экономикаға қойылған диагноз Үкімет бағдарламасында ескеріліп , жариялылық пен ашықтық , әділ бәсеке мен жемқорлыққа қарсы күрес басымдықтар болады деп үміттенеміз. Президент ұсынатын саяси реформалар азаматтар хақын қорғау , сөз бен жиналыс бостандығы , әділ сайлау , билік тармақтары тепе - теңдігі секілді демократияның іргетастарын және әкімшілік жүйені адам мүддесіне жұмыс жасату тетіктерін қамтиды деп сенемін. Саяси реформалар мемлекеттік басқару сапасын да көтеруге жағдай туғызады. Өйткені билік пен мемлекеттік аппарат сапасы тек мамандардың білігіне емес , лауазым иелерінің тағдырын халық пікірімен байланыстыратын, олардың құлқын қалыптастыратын саяси жүйеге де тәуелді, -деді Мемлекеттік істер жөніндегі өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Ә.Бәйменов.  

Бәйменовтың пікірінше, саяси реформа мен жемқорлыққа қарсы күрес , экономика мен қаржы ағындарының жариялылығы мемлекеттік қызметте жұмыс істегісі келетін мамандар ынтасын арттырады.

Қалыптасқан жүйеде мемлекеттік қызметте адал жұмыс істегісі келетіндердің ынтасы мен жігерін тежеп отырған жемқорлық , лауазым иелерінің ел мүддесі емес қарақан бастың қамымен кетуі екені көпшілікке мәлім. Таза жұмыс істеп келгендер соған қарап та мемлекеттік қызметке келгісі келмейді. Қазақстанда кез келген лауазымда сапалы жұмыс атқара алатын мамандар жеткілікті. Мемлекеттік басқару мәдениеті өзгеріп , азаматтар мен қатардағы қызметкерлердің абыройы , еңбегі , уақыты мен хақы бағаланатын , жемқорлық ауыздықталған жүйе құрылса , сол мамандар білімі мен білігі ел мүддесіне жұмыс істейтініне сеніп ,мемлекеттік қызметке құлшына келер еді. Көптеген азаматтар қажетті өзгерістерді жүзеге асыру жолдарын біледі. Соны ескере келе Үкімет осы ұсыныстарды жолдайтын арнайы сайт ашса ортақ іске пайдалы болатыны сөзсіз, -деді Бәйменов.

Әлихан Бәйменов атағандай, мемлекеттік реформаларда шешуші фактор саяси жігер екені мәлім.

Ең қиын сәтте президент Тоқаев жауапкершілік алып , мемлекеттік пен тәуелсіздікті сақтау үшін батыл шешім қабылдай алатынын дәлелдеді . Енді сын сағатта өзіне тірек болған елі оң өзгерістерді жүзеге асырып , жаңғырған Қазақстан құруға жол бастағанда да әділ де батыл шешімдер қабылдайды деп күтуде, -деді Мұхамедияұлы.

Өзгелердің жаңалығы