Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған мәселеге қатысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлады tengrinews.kz.
Мемлекеттік қызметкерлердің смартфон қолдануға тыйым салуды жою туралы бастама келісілуде.
«Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау процесінің қатысушылары болғандықтан, біз смартфондарды пайдалану мәселесін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ретінде қарау керек деп санаймыз», - деп жауап берді Анар Жайғанова журналистің сұрағына.
Ол мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау киберқауіпсіздік тұжырымдамасында («Қазақстанның киберқорғанысы») және 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында қарастырылғанын атап өтті.
«Стратегиялық жоспардың 7.3-тармағында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық маңызды бағыттарды - жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, жаңа технологияларды қолдану процестерін қамтитын қажетті ұйымдастырушылық-техникалық шаралар қолданылатын болады. Мемлекеттік қызметшілер үшін портативті электрондық құрылғыларды қолдануға қатысты нормативтік құқықтық шектеулерді төмендету, интернетті жұмыс істеу мақсатында қолдану бойынша шаралар қабылданатын болады», - дейді Жайылғанова.
Ол Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік органдарда смартфондарды енгізуге тыйым салуды алып тастауды ұсынғанын түсіндірді.
«Бұл нормативтік құқықтық акт мемлекеттік органдармен келісу сатысында», - дейді Анар Жайылғанова.
Мемлекеттік қызметшілерге смартфондарды әкелуге рұқсат беру ниеті туралы мәселе 2018 жылдан бері көтеріліп келеді. Сонымен қатар, жұмыс уақытында смартфондардың кейбір функцияларын шектеу нұсқалары сыналды. Атап айтқанда, фото мен бейнені бұғаттайтын арнайы қосымшаны орнату.