Елімізде меморгандарға кадр таңдауда қоғам белсенділерін тарту ұсынылды

12 Қаңтар 2020, 15:11
2473
Бөлісу:
Елімізде меморгандарға кадр таңдауда қоғам белсенділерін тарту ұсынылды

Алматы, BAQ.KZ. Жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мониторинг тобының басшысы Айгүл Соловьева мен экономист Берік Қиманов Facebook  желісіне мемлекеттік салаға кадр таңдау комиссиясына қоғамдық белсенділерді тарту керектігін жазды.

Олардың ойынша, мұндай жағдай сыбайлас жемқорлықты жоюға және үміткердің кәсібилігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Елімізге танымал қоғам қайраткері Айгүл Соловьева, Зәуреш Батталова және Берік Қиманов "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК филиалы басшыларын аттестациялау жөніндегі комиссия құрамында болғандарын мәлімдеді.

Айгүл Соловьеваның айтуынша, қоғам белсенділері басшыларды таңдауға қатысатын болса, үміткерлерге мемлекеттік басқаруда "қордаланған көптеген мәселені қалай шешер еді" деген сипатта сұрақтар қояр еді.

Дарынды, кәсіби мықты, ақылды әрі сауатты адамдар неліктен кірмейді, олар түсіп қалады немесе бұл жүйе ұстап тұрмайды ма? Оның жауабы белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді, - дейді ол. 
Өз кезегінде экономист Берік Қиманов "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК-ы үлгі ете отырып, астаналық қоғам белсенділерін қатыстыра отырып "кастинг" өткізуге болатынын жеткізді.
Алдымен елордадан бастауды ұсынамын. Әкімдіктің Көгалдандыру, Су Арнасы, Тазалық және тағы басқа еншілес ұйымдарының барлық басшыларын осындай кастинг арқылы тағайындау керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы