Абай облысында мемлекеттің жерін өз бетінше иемденгені үшін Жеке шаруашылық серіктестігі 1 млн теңгеден аса айыппұл төледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің хабарлауынша, Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімінің хаты негізінде Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Нәтижесінде ЖШС-ның мемлекет меншігіндегі жер учаскесін өз бетінше пайдаланғаны туралы факті анықталды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағын бұзғаны үшін ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 292 200 теңге сомасында айыппұл төледі, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ департамент Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 164-1-бабына сәйкес өз бетінше иеленген жер учаскесін қайтаруды талап ету үшін материалдарды жергілікті атқарушы органға жолдады.