Мемлекеттің ынталандыру шараларының игілігін көріп отырған шаруашылықтар көбейді

5 Шілде 2023, 21:48
688
Бөлісу:
Мемлекеттің ынталандыру шараларының игілігін көріп отырған шаруашылықтар көбейді
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Мемлекеттік ынталандыру шаралары сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге септігін тигізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Бурное сүт компаниясы» ЖШС мемлекеттік ынталандыру шаралары арқылы сүт өнімдерінің ассортиментін ұлғайтуға мүмкіндік алды.

Мәселен, QazIndustry АҚ аталған кәсіпорынға технологиялық процестерді жетілдіріп, ашытылған сүт өнімдерін шығаруға арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеуге жәрдемдесті.

Сүт өндірісімен айналысатын зауыт 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 70 жылдық тарихы бар кәсіпорында қатты ірімшіктердің бірнеше түрінің, сондай-ақ сары май, қоюландырылған және зарарсыздандырылған сүттің өндірісі жолға қойылған. 2022 жылдан бастап мұнда айран (2,5%-дық), май (3,2%-дық) және құрт сияқты қышқыл өнімдер шығарыла бастады.

Отандық тауар өндіруші мемлекет тарапынан қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі қаржылық қолдау туралы 2019 жылы естіп, QazIndustry-ге өтініш жіберген.

2019-2023 жылдар аралығында біздің компания мемлекеттік ынталандыру шараларын 4 рет алды. Біз Qazindustry-ге кәсіпорынның құзыретін арттырып, технологиялық процестерді жетілдіру мен өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін нығайтуға бағытталған индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге байланысты шығындарын өтеуге өтініш жолдған едік. Мемлекеттік қолдау арқылы қажетті жабдықтарды монтаждау және іске қосып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ашытылған сүт өнімдерін дайындауға арналған қондырғыны сатып алдық. Енді айран мен құрт шығарамыз, - деді «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-нің директоры Свамбай Аринов.

Бұл ретте қазақстандық кәсіпорындар мемлекеттік ынталандыру шараларын бірнеше рет ала алатынын айта кеткен орынды.

Аталған кәспорынның өнімдері Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінде де сұранысқа ие. Сонымен қатар қазір сүт өнімдерін Ауғанстан мен Түркияға жеткізу мүмкіндіктері пысықталып жатыр. 2015 жылы компания Қытайдағы жәрмеңкеге қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Зауытта сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге басымдық берілген. Айталық, қазір мұнда макарон өнімдері, рисотто, «Пармезан» ірімшіктері шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry АҚ кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге жұмсаған шығындарының белгілі бір бөлігін өтеуге қолдау көрсетіп келеді. Осы мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпаратпен qazindustry.gov.kz ресми сайтынан танысуға болады.

Бұдан бөлек өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету бойынша жеке кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry әр бейсенбі сайын ашық есік күндерін өткізетінін хабарлайды. Ашық есік күндері Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 17Е блогы, 4-қабатта (жұмыс уақытында, 9.00 - 17.30 дейін; түскі ас-12.30-дан 14.00-ге дейін) өткізіледі. Сонымен қоса ZOOM арқылы да кеңес алу жолдары қарастырылған. Ол үшін мына сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет.

Өзгелердің жаңалығы