Мемлекеттік-жекешелік әріптестік. 2 трлн теңгеге 1 мыңнан астам жоба жасалды

28 Сәуір 2023, 12:41
1176
Бөлісу:
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік. 2 трлн теңгеге 1 мыңнан астам жоба жасалды
PHOTO
Фото: ОКҚ

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заң қабылданғаннан бері құны 2 трлн теңгеден асатын мыңнан астам жоба жасалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Самат Сағындықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық төрағасы атап өткендей, қолжетімді білім беру, медицина, инфрақұрылым және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің маңызды міндеттерінің бірі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі мақсаты – мемлекет пен жеке бизнестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдай жасау және дамуы үшін жеке инвестицияларды тарту.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік. 2 трлн теңгеге 1 мыңнан астам жоба жасалды

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік салада мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бағдарламасын дайындауды тапсырған болатын.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заң қабылданғаннан бері құны 2 трлн теңгеден асатын мыңнан астам жоба жасалды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының арқасында елге жеке инвестициялар тартылды. Мемлекет пен бизнес арасындағы жоба тәуекелдері бөлініп жатыр. Жеке инвестор нысанды тиімді басқаруды қамтамасыз етіп келеді, - деп айтты Самат Сағындықов.

Сөзінше, былтыр орталық Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп Президенттің «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңын жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жекеше әріптесті анықтау кезінде конкурстық рәсімдерді міндетті қолдануды, олардың ашықтығын, бизнеске жағдай жасауды, жобалардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін түзетулер қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы