Мемлекеттік қызметтің 82%-ы автоматтандырылды – Жұмағалиев

11 Маусым 2020, 14:53
1726
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметтің 82%-ы автоматтандырылды – Жұмағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметтің 82%-ы автоматтандырылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. 

Елбасының тапсырмасымен бекітілген "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасына 125 іс-шара, 12 мақсатты индикатор кіреді. Өткен жылдары бұл міндеттер орындалды. Бағдарлама бойынша 26 басты көрсеткіш анықталды. Ол бойынша біз бүгін жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол. 

Министр цифрлық мемлекет туралы айтып берді. 

Цирфлық мемлекеттен барлық тұрғын электронды қызметті күтеді. Өткен жылы ауқымды жұмыс атқарылды. Мемлекеттік қызметтің 82 пайызы автоматтандырылды. Бұл көрсеткіш барлық ақпараттық жүйені интеграциялау аясында жүзеге асырылды. Барлық мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс жүргізілді. Жоспар бойынша 196 интеграция болған. 344 интеграция жүзеге асырылды. Аталған үрдістерді жеңілдету үшін "Smart Bridge" интеграциялық платформасы іске қосылды. 

Сондай-ақ министр мемлекеттік қызмет нақты талдауды қажет ететінін айтты. 
Барлық мемлекеттік қызмет қаралды. Оның қорытындысы бойынша құжаттардың орташа пакеті 6-дан 4-ке дейін қысқарды. Бұл жалпы құжаттарды 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік берді. Қызмет көрсетудің орташа мерзімі 3 есеге қысқарды. Бұл нормалардың барлығын жүзеге асыру үшін тиісті "Мемлекеттік қызмет туралы" заң жобасы бекітілді. Ол барлық қызметті қамтып, автоматтандыру үшін қандай қызмет жүзеге асырылуы керегін анықтайды. Биыл мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы