Мемлекеттік қызметтер бойынша ВАК жұмысының форматы ауысады – Мусин

21 Тамыз 2020, 10:25
1200
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметтер бойынша ВАК жұмысының форматы ауысады – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бизнесте ортаға шығып, өз өніміңіз туралы пікір сұрау тәжірибесі бар. Клиенттің көңілінен шығу, не қалайтынын түсіну үшін түрлі сынақтар өткізесіз. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – бұл халық пен бизнеске арналған мемлекеттің сервистері мен өнімдері болғандықтан, мемлекеттік қызметтер бойынша ВАК жұмысының форматын ауыстыруды шештік, - деп жазды ол.

1. Комиссия құрамына мемлекеттік қызметтер жөніндегі қоғамдық кеңесті - цифрлық комиссарларды шақырады. Олар қызмет көрсету процесін талқылау сәтінен бастап техникалық іске асыру мен «қолданысқа» енгізу процесінің бәріне қатысатын болады;

2. ВАК талқылайтын мәселелер мен ұсыныстар министрліктің сайт және ФБ-дағы парақшаларында алдын-ала жарияланады. Сондай-ақ, бұл ұсыныстарды бағыты мен саласына қарай цифрлық комиссарлармен талқылай аласыздар; 

3. Ең белсенді және идеясы көп отандастарымызды ВАК отырысына шақыратын болады;

Мусиннің сөзінше, ұсыныс берушінің белгілі бір мемлекеттік қызмет процесі бойынша ұсынысы мен жобасы техникалық тұрғыда жүзеге асып, жалпы қолданысқа енгізілуі мүмкін. 

Мемлекет басшысы кешегі сыбайлас жемқорлық жөніндегі кеңесте атап өткендей, мұндай шешімдер адами фактордың болдырмайды және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруіне ықпал ететін жағдайлардың алдын алады. Бұл тәсіл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді, - деді Бағдат Мусин.

2020 жылғы 27 тамызда ВАК-тың кезекті отырысы өтеді. Онда келесі салалардағы қызметтерді оңтайландыру және одан әрі автоматтандыру мәселелерін талқыланады:
- халықты құжаттандыру;
- автокөлікті тіркеу;
- жәрдемақы төлеу;
- азаматтық хал актілерін тіркеу;
- қорғаныс саласындағы қызметтер.

Өз ұсыныстарыңызды ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің парақшасына жолдауыңызды сұраймын, - деді бірінші вице-министр.

Келіп түскен ұсыныстың бәрін талдап, ең үздіктерін 27 тамызда қарастырады.
Өзгелердің жаңалығы