Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері іссапарда болғаны тек жол жүру билетін немесе отырғызу талонын тапсыру арқылы растай алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.
Осыған дейін іссапарда болған қызметші фискалдық чектер, кассалық кіріс ордерлері, шот-фактуралар, есептер, хабарландырулар, жалгерлік шарты, патенттер, куәліктер және өзге де қонақүй қызмет көрсетушілерімен ұсынылатын растайтын құжаттарды тапсыру міндеттелген болатын.«Бұл мемлекеттік рәсімдердің бюрократияны қысқартуға, яғни негізсіз құжат айналымын, қызмет көрсету және артық бақылау жүргізу, адами ресурстар және бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған қадам. Аталған нормативтік-құқықтық актімен келесі жаңалықтар енгізіледі. Мемлекеттік қызметшіден іссапар шығындарын растайтын құжаттарды бухгалтерияға беру міндеті жойылды», - деді Сабырбаев.
Оның айтуынша, бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметшілердің іссапарлар бойынша қаржылық есептілігін айтарлықтай жеңілдетуге, шот-фактуралардың және тұрғын үй, қонақ үй нөмірлерін жалдау шарттарын пайдаланумен байланысты сыбайлас орнына қатысты шығындар сомасы өзгеріссіз қалады. жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.
Соңғы үш жылда іссапар шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын заңсыз пайдалану фактілері бойынша 84 қылмыстық іс тіркелген.
«Вокзалдарда, жарнама хабарландырулардан іссапарды растау құжаттарының сомасын 10 процентпен беру күмәнді ұсыныстарды жиі кездестіруге болады. Растайтын құжаттардың талаптарына байланысты басқа тарапта да атап өту қажет. Бұл құжаттарды дұрыстығына мемлекеттік мекеменің бухгалтері жауапты, содан кейін мұны қаржылық және бухгалтердің есептіліктеріне негізделген аудит жүргізуге жауапты бақылаушы органдар тексереді. Яғни бізде тексерістен кейін тексеріс жүреді. Бақылаушы органдар құжаттарды тексеруге кеткен уақытты басқа маңызды міндеттерді орындауға жұмсар еді», - деді ол.
Ол шетелге іссапарға шыққанда тұратын орынға қатысты құжат талап етілмейтінін айтты.
«ЕЫДҰ елдерінде іссапар есебі барынша жеңілдетілген. Тек көлік билеттерін ұсыну қажет. Ал тұруға бөлінетін ақша сомасы және тәулік төлемдері ір қала мен елдегі нормативтермен анықталады», - деді Сабырбаев.
Аталған қаулыға Үкімет 2018 жылдың 29 желтоқсанында қол қойылды және жарияланған күннен 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді. Енгізілген өзгерістер мемлекеттік қызметшілермен қатар квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтіндерге де қатысты.