Тоқаев мемлекеттік туды көтерді

5 Шілде 2019, 12:29
9159
Бөлісу:
Тоқаев мемлекеттік туды көтерді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр. 

IMG_3308-05-07-19-01-11.JPEG

Бұл салтанатты шара Нұр-Сұлтан қаласының 21 жылығын атап өтудің бастамасы болып отыр. 

IMG_3312-05-07-19-01-11.JPEG

Тоқаев ең алдымен жиналған қауымды келе жатқан елорда күніме құттықтады.

IMG_3324-05-07-19-01-09.JPEG

«Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік" деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі, біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтуде", - деді президент ту көтеру рәсімінде

IMG_3310-05-07-19-01-11.JPEG

Тоқаев өз сөзінде ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы дамтыудағы ерен еңбегін атап өтті.

IMG_3330-05-07-19-01-10.JPEG

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы елордамыз халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Бас қаламыз - "бір ел, бір халық" болып жұмылған еліміздің жүрегі. Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. ЮНЕСКО ұйымы елордамызды "бейбітшілік қаласы" деп атады. Ел астанасы қарқынды дамып келеді. Бұл ең алдымен елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Біз қаланың беделін одан әрі арттыра береміз", - деді мемлекет басшысы.

IMG_3314-05-07-19-01-11.JPEG

Сонымен қатар шара барысында Тоқаев еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген 27 курсантқа әскери шендер мен атақтарды тапсырды. 

IMG_3322-05-07-19-01-10.JPEG

"Бүгін сіздер үшін өте маңызды, ешқашан ұмытылмайтын күн. Барлығыңызға офицер шені беріледі. Әскери оқу орындарында алған білімдеріңізді отанымыздың тәуелсіздігін сақтауға жұмсайтын кез келді. Нағыз сардар елдің мықты қорғаны болуы тиіс", - деп сөзін түйіндеді президент. 

IMG_3328-05-07-19-01-10.JPEG

Мемлекеттік тудың көлемі 15х30 метрді құраса, биіктігі 111 метрге тең. Ал салмағы - 95 кг. 

IMG_3316-05-07-19-01-10.JPEG

Өзгелердің жаңалығы