Мемлекеттік тілде қойылған сұраққа орыс тілінде жауап беру - «нонсенс» – депутат

14 Қараша 2022, 11:27
6876
Бөлісу:
Мемлекеттік тілде қойылған сұраққа орыс тілінде жауап беру - «нонсенс» – депутат

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбай бірнеше министрлік өкілдерін сынға алды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Менің сұрағым Ұлттық экономика вице-министріне арналады. Балық шаруашылығы мәселесінде кадр жетіспеушілігі анық байқалады. Екіншіден, жергілікті жерлердегі балықшылардың жалақы мәселесі, яғни олар 12 ай тұрақты табыс таппайды. Ұлттық экономика министрлігінің қарауында «дипломмен ауылға» атты үлкен жоба бар. 2009 жылдан бастап балық шаруашылығына байланысты, оларға тұрғын үй сатып алып беру, оларға жеңілдетілген шаралар ұсынуға байланысты осы бағдарлама қалай іске асып жатыр? Осы бағдарлама бойынша қанша маманды ауылға тарттық? Қанша балықшы білім алды? Қаншасына үй берілді, - деді Елнұр Бейсенбай.

Депутат қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген әріптестерін сынға алды.

Егер менің сұрағыма, сізге және ауыл шаруашылығы министрлігіне, шекара қызметінің бірінші орынбасарына қойылғандай, қазақ тіліндегі сұраққа орыс тілінде жауап беретін болсаңыз, онда жауап қайтармауыңызға болады. Өзге вице-министрден қағаз жүзінде жауап алам. Мемлекеттік қызметкердің, мемлекеттік тілде қойылған  қазақша сұрағына орыс тілінде жауап беру «нонсенс» деп санаймын, - деді депутат. 

Өзгелердің жаңалығы