Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз сүт өнімін транзиттеу әрекеті анықталды

22 Мамыр 2024, 12:10
255
Бөлісу:
Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз сүт өнімін транзиттеу әрекеті анықталды
Фото: BAQ.KZ

Қазақстан-қырғыз шекарасында орналасқан "Қарасу" Ветеринариялық-бақылау бекетінің ветеринариялық инспекторы 2024 жылғы 19 мамырда Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына бара жатқан 350 кг көлемінде сүт өнімі (құрт) бар автокөлікті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәлімдеуінше, автокөлік құралын тексеру кезінде сүт өнімдерінің ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз тасымалдамақ болғаны анықталған.

Ветеринарлық инспектор бұзушылық туралы акт жасалды және әкімшілік айыппұл салды, ал жүк Қырғыз Республикасының аумағына қайтарылды.

Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметі еске салады:

Жануарлардан алынатын өнімдерді қоса алғанда, кез келген бақылаудағы тауарларды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдау экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген ветеринариялық ілеспе құжаттар болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Тауарларды шекара арқылы өткізу кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтамау әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін өнімдерді алып қоюға және жоюға әкелуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы