2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң күшіне енген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сатыпалымның жаңа тәртібі жобаларды іске қосуды жеделдетіп, сыбайлас жемқорлықтың сын-қатерін азайту мен жергілікті бизнесті қолдауға бағытталған.
Мәселен, осы жылдың 11 наурызындағы жағдайға сүйенсек, 2 727,6 млрд теңге сомасына 554 240 келісімшарт жасалды.
Салыстырмалы түрде алсақ, былтырғы кезеңде 860,3 млрд теңге сомасына 327 206 келісімшарт жасалған-ды.
Бұған қоса рейтингті-балдық жүйені пайдалану арқылы конкурс жеңімпаздары 5-9 жұмыс күні ішінде анықталады.
Аталған әдіс жеңімпазды анықтау процесіне конкурстық комиссияның қатысуын қажет етпейді. Осы арқылы сыбайлас жемқорлық қатері сейіледі.
Мысалы, Астанадағы №3 қалалық аурухананың бірнеше ғимаратын күрделі жөндеуіне байланысты сатыпалымды өткізуге небәрі 6 жұмыс күні жеткілікті болды.
Келісімшарттың сомасы – 1,8 млрд теңге. Мердігер ұйым Астанада тіркелген.
Күрделі жөндеуге байланысты жоба инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар аурухананы жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандыруды да қамтиды.
Қысқа мерзім ішінде (6 жұмыс күні) Алматыдағы «Алатау» шағын ауданында сумен жабдықтау және су тарту желілерін салуға байланысты жергілікті мердігер анықталды.
Келісімшарттың сомасы – 702 млн теңге. Аталған жоба арқылы шағын аудан ауыз суменқамтылып, кәріз желісі ретке келтіріледі.
Сатыпалымның жедел жасалуын ескере отырып, мердігермен тиісті келісімшарт жасалды. Қажетті жұмыстардың аяқталу мерзімі 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Осы жобаға сәйкес суды өткізу қарқынын арттырып, оның сапасын жақсартумен бірге ағынды суларды бұруды жолға қою көзделіп отыр.
5,5 айдың ішінде Батыс Қазақстан облысындағы Қараөзен мектеп-лицейіне күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
Аталған жобаға сәйкес бөлмелер оқу кабинеттеріне келтіріліп, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру бойынша барлық жұмыс түрі іске асырылады.
Сатып алу рәсімдері 9 жұмыс күні ішінде өткізіліп, жеңімпаз ретінде жергілікті компанияанықталдРейтингті-балдық жүйе арқылы 7 жұмыс күні ішінде Жезқазған қаласының облыстық медициналық колледжін жөндеу үшін жергілікті мердігер анықталды.
Қазір студенттер контингентінің ұлғаюын ескере отырып, күрделі жөндеу жүргізудің шұғыл қажеттілігі туындап отыр.
Құны 564,8 млн теңге болатын жоба бойынша бөлмелерді тиісті талапқа сәйкес оқу аудиторияларына келтіру үшін барлық жұмыс түрі жүргізіліп, сондай-ақ аумақтар абаттандырылады.
Шымкентте 8 жұмыс күннің ішінде 3 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге жауапты жергілікті компания анықталды.
Бұл келесі оқу жылын 3 000 астам оқушығажөнделіп, жарақталған заманауи кабинеттердежәне жайлы ғимараттарда қарсы алуға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібі конкурсты өткізу мерзімін қысқартып, қызмет көрсетушілерге сатыпалымға қатысуға теңдей мүмкіндіктер берді, сондай-ақ жергілікті компанияларды қажетті жұмыспен қамтамасыз етті.