Мемлекеттік сатып алу порталында 100 мыңнан астам өнім беруші тіркелген - Қаржы министрлігі

9 Ақпан 2023, 15:31
934
Бөлісу:
Мемлекеттік сатып алу порталында 100 мыңнан астам өнім беруші тіркелген - Қаржы министрлігі
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат үнемі сатып алу рәсімдерін жетілдіріп отырады. 

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алудың барлық процесі автоматтандырылған. Дүниежүзілік банктің зерттеулеріне сәйкес, Қазақстанның электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесі – әлемдегі ең үздіктердің бірі. Айта кетерлігі, Global Data barometr сәйкес мемлекеттік сатып алу деректерінің қолжетімділігінің әлемдік рейтингінде Қазақстан 109 елдің ішінде 3-орынға ие болды, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар ол мемлекеттік сатып алу порталына қанша адамның тіркелгеніне тоқталды. 

Бүгінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында 100 мыңнан астам өнім беруші және 24 мыңнан астам тапсырыс беруші тіркелген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу көлемі 5,9 трлн астам теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алулардағы шартты үнемдеу 632 млрд теңге. Былтыр «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» жаңа заң қолданысқа енгізілді және «Мемлекеттік сатып алу туралы» қолданыстағы заң жаңартылды, олар іс жүзінде сәтті жүзеге асырылды, - деді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы