Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау тұрғындардың елге деген сүйіспеншілігін арттырады – депутат

4 Маусым 2021, 13:44
1888
Бөлісу:
Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау тұрғындардың елге деген сүйіспеншілігін арттырады – депутат
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Юрий Шинь «Тәуелсіздік рәміздері» тақырыбында өткен жиында айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік рәміздер күнін атап өту маңызды. 

Ол біздің елдігіміздің белгісі. Бүгін Қазақстан Халықтары Ассамблеясы челендж ұйымдастырды. Онда этно-мәдени орталық өкілдері «Менің Туым ол Қазақстан Туы» деп өз тілдерінде айтты. Елімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдері Қазақстан Туын өз Туы деп санайды. Өйткені біз ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде тұрып жатырмыз. Мұндай шаралар осында тұрып жатқан ұлт өкілдерінің достығын одан сайын нығайта түседі,-дейді депутат.
Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау тұрғындардың елге деген сүйіспеншілігін арттырады – депутат

Аталған жиын сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына да арналған.

Жиынға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен мүшелері, ҚХА және ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары мен мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласы «Жаңғыру жолы» МД мүшелері қатысты.

Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау тұрғындардың елге деген сүйіспеншілігін арттырады – депутат

Осыдан тура 29 жыл бұрын, 1992 жылғы 4 маусымда еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Қазақстан Республикасының туы мен Елтаңбасын бекітті.

2006 жылы Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» атты шығармасына еліміздің мемлекеттік гимні мәртебесі берілді.



Өзгелердің жаңалығы