Мемлекеттік рәміздерді орынды әрі стандартқа сай пайдаланудың маңызы зор – вице-министр

2 Маусым 2022, 15:10
1565
Бөлісу:
Мемлекеттік рәміздерді орынды әрі стандартқа сай пайдаланудың маңызы зор – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі  Нұрғиса  Дәуешов мәлімдеді.

Биыл еліміздің мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толды. Барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтағым келеді. Бүгінде өткен салауат келешекке аманат етер гимініміз халқымыздың тарихи жолын, туған еліміздің тұрмыс-тіршілігін, ұлтымыздың салт-дәстүрін паш етер елтаңбамыз, қолымызда желбіреген көк байрағымыз бар, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, рәміздер - Қазақстанды мекен еткен әртүрлі халық өкілдерінің рухани бірігуіне деген ұмтылысын, болашаққа деген сенімін арттыруды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының рәміздерінің 30 жылдығы мерзімінде мемлекеттік құндылықтардың орынды және стандартқа сай пайдаланудың маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға барған жұмыс сапарында ғалымдармен кездесу кезінде мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және дұрыс пайдалану туралы маңыздылығына тоқталып, тапсырма берген болатын. Осы орайда Мәдениет және Спорт министрлігі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге кірісті, - деді Нұрғиса  Дәуешов. 
 

Өзгелердің жаңалығы