Мемлекеттік рәміздерді қорлаған адам жауапқа тартылды

8 Маусым 2021, 07:45
1845
Бөлісу:
Мемлекеттік рәміздерді қорлаған адам жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында мемлекеттік рәміздерді қорлаған адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Ол өзінің инстаграм парақшасында ұлттық құндылыққа нұқсан келтіріп, ар-намысты таптайтын бейәдеп жазба қалдырған.

Осы оқиғаға байланысты Павлодар қаласының тұрғыны 5 маусымда полицияға шағымданған. Көп кешікпей тәртіп бұзушы анықталды. Ол Ефремовка ауылының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Азамат бұл заңсыз әрекетке мас күйінде барғанын түсіндіріп, кінәсін толық мойындаған. Сот шешімімен әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген ауыл тұрғынын бір тәулікке қамауға алу түрінде жаза қолданылды.

Материал сотқа жіберіліп, маусымның 6-cында сот отырысы онлайн режимде өтті. Онда ауыл тұрғыны өзі жіберген қателігін дәйектер келтіре отырып, толық мойындады және сот үкімімен әкімшілік қамауға алынды, – деді облыстық ПД ресми өкілі Жанна Белялова.

Өзгелердің жаңалығы