Мемлекеттік рәміздер алаңы бар қалалар

4 Маусым 2020, 11:35
9689
Бөлісу:
Мемлекеттік рәміздер алаңы бар қалалар
PHOTO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең маңызды мерекелердің бірі - Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы мерекеге орай еліміздің түрлі қалаларындағы мемлекеттік рәміздер алаңдары жайлы арнайы фоторепортажымызды ұсынамыз.

Астана қаласындағы "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешені аумағындағы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік Туы.

BAUR3657.jpg

(1-фото Бауыржан ЖУАСБАЕВ)

Тутұғырының биіктігі негізгі діңгектің түбінен алғанда 111 метрді құрайды. Төбе басына орнатылған алып ту мен тутұғырының берік құрылымы елдің күш қуаты мен даңқын, оның ұлы тарихы мен болашағын бейнелейді. Тудың көлемі: биіктігі – 15 м, ұзыдығы 30 м. 

BAUR3663.jpg

BAUR3675.jpg

(2-3 фото Бауыржан ЖУАСБАЕВ)

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақтың орталық алаңындағы қорғанда тутұғыр орналасқан. Оның биіктігі — 91 метр. Көк байрақтың ұзындығы — 20 метр, ені —15 метр. 


First_President_of_Kazakhstan_Park_2.jpg

Бірі – "Ботпай", бірі – "Қазақстан" атап кеткен, ел ішінде "Абылай шыңы" деген де атауы бар. Өскемендегі мемлекеттік рәміздер тауы – бүгін де өскемендіктердің сөзсіз мақтанышына айналған. Биіктігі 266 метр төбеге "Қазақстан" деген алып жазуы орналастырылған. Оның жанына орнатылған Тудың ұзындығы 24, ені 12 метр.

483a282s-960.jpg

Тараз қаласындағы көрікті жерлердің бірі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті атындағы саябағы.

2a7b175f-b3d5-4a53-af73-2879db534a8d.jpg

(1-фото авт. Әсем Мұратбекқызы, 04.05.2020) Аумағы 9 мың шаршы метрден асатын алаңға Мемлекеттік Туымыз орналастырылған. Бұл алаң бүгінгі күні әрбір тараздықтың мақтанышына айналған.

WhatsApp Image 2020-06-04 at 15.03.09.jpeg

(2-фото авт. Әсем Мұратбекқызы, 04.05.2020)

Қызылорда қаласы "Мемлекеттік рәміздер алаңы". Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын "Рәміздер алаңында" мемлекеттік Елтаңба, Гимн және биіктігі 60 метрлік Ту орналасқан.

Рәміздер алаңы.JPG

Рәміздер алаңы Бигбен сағаты (1).JPG

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне ашылған Шымкент қаласындағы "Тәуелсіздік" саябағы. Саябақтың триумфті – 15 метрлік қақпасын аттаған тұста, 1991 жылдан – күні бүгінге дейінгі елімізде орын алған тарихи маңызды оқиғалар тасқа қашалып жазылған. Шымкенттіктердің тағы бір мақтан тұтар нысаны ол – "Жер-Ана" тәуелсіздік монументі. 

Рәміздер алаңы (Шымкент қаласы, Тәуелсіздік саябағы) - 2.jpg

(1-фото. авт. Жәнібек Нұрыш 03.05.2020). Бұл архитектуралық композициялар туған жердің кеңдігін, бейбітшілік пен халықтар келісімін бейнелейді. 

ҚР Мемлекеттік гимні (Шымкент қаласы, Тәуелсіздік саябағы) (1).JPG

(2-фото. авт. Жәнібек Нұрыш, 03.05.2020). Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көшелерінің қиылысында орын тепкен, биіктігі 34 метрді құрайтын бұл монументпен "Тәуелсіздік" саябағының арасын "Мемлекеттік рәміздер" алаңы мен ұзындығы 104 метрді құрайтын "Алтын көпір" жалғастырып тұр.

ҚР Мемлекеттік туы (Шымкент қаласы, Тәуелсіздік саябағы) (3).JPG

(3-фото авт. Жәнібек Нұрыш, 03.05.2020). ҚР Тұңғыш президенті атындағы саябағы - дендропаркі Алматы қаласы Бостандық ауданының Навои және әл-Фараби көшелер қиылысында орналасқан. Дендропактің жалпы аумағы 73 га құрайды. 

WhatsApp Image 2020-06-03 at 15.08.14.jpeg

(1-фото Әділет Мұсахаев  03.05.2020 ) Саябақ аумағында 2001 жылы Н.Назарбаевтың өз қолымен отырғызған емен ағашы өсіп тұр. Саябақтың кіре беріс ортасында қала ішіндегі ең үлкен кешкісін сәлем шашып, әуен шығаратын су бұрқақ орын алған. 

WhatsApp Image 2020-06-03 at 15.08.11.jpeg

(2-фото Әділет Мұсахаев 03.05.2020 )

Еліміздегі биіктігі жағынан үшінші алып Ту Түркістанда бой көтерді. "Рәміздер алаңы" деп аталатын әрбір жанның рухын оятатын аллея қасиетті қалаға Шымкент бағытынан кіре берістегі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің қарсы алдына орналасты.

627ac230-c25b-4dfe-9a82-a5bc58fcb6a3.jpg

5b057def815825cd6e9aed66c71f8ed3.jpg

Қарағандыдағы 91 метрлік ту тұғырдың ерекшеліктері. Оның іргесі 2014 жылдың 4 маусымы күні, Қазақстанның Рәміздер күні қаланды. Автордың пайымдауынша, тұғырдың 91 метр биіктігі Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білдіреді. Жоғарғы жағында ені 10-да 20 метрлік байрақ желбіреп тұр. Металл құрылымның салмағы - 80 тонна. Оның диаметрі түбінде 3 метр, ал жоғарыға қарай 80 см-ге дейін жіңішкереді. Жалауды металл құрылымның ішінде орналасқан электр жүк шығыр көтереді. 

WhatsApp Image 2020-06-03 at 21.06.19.jpeg

"ҚР мемлекеттік рәміздері" композициясы Петропавл қаласының орталық алаңында орналасқан. 

IMG_6939.JPG

(1-фото авт. Эльмира Қапар 04.05.2020) Екі горельефте Конституция, Елтаңба мен Әнұран мәтіні бейнеленген. Нысан 2009 жылы ашылған. Тудың биіктігі 42 метр.

IMG_1226 (1).JPG

(2-фото авт. Эльмира Қапар 04.05.2020) 

Таразда теңгеге арналған тастұғыр бар. Тараз қаласында ұлттық валютамыз – теңгеге тұрғызылған ескерткіш бар. 2013 жылы бой көтерген тастұғырдың диаметрі 120 сантиметрді құрайды, салмағы жарты тонна болады. Нағыз болат металдан құйылған ескерткіш монета Ұлттық банк филиалы алдындағы саябаққа гранит тұғырға орнатылған. Ескерткіш монетаның беткі жағында теңгенің белгісі ойылып жасалған. Монетаның сыртқы бетінде Қазақстанның Тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлығы жазылған. Гранит тұғырдың бетінде 20 жыл бұрын алғашқы теңге Тараз қаласынан республикаға таратылғаны туралы ойып жазылған.

WhatsApp Image 2020-06-04 at 09.48.11.jpeg

Павлодардағы Мемлекеттік рәміздер алаңы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылды. Орын облыс орталығындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында орналасқан. Алып Ту, және Әнұран көрсетілген.

WhatsApp Image 2020-06-04 at 12.30.36.jpeg

(Фото авто. Ақмаржан Әділбек 04.05.2020)

Өзгелердің жаңалығы