Мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру бағдарламалары іске қосылды

14 Маусым 2024, 23:28
345
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру бағдарламалары іске қосылды
Фото: baq.kz

Бүгін президент жанындағы орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов мемлекеттік қызметке іріктеу және оны өткеру мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл сайын 25,5 мыңға жуық мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтеді.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің 56% әйелдер, жастардың үлесі – 35,2%, орташа жас – 40,2, сонымен қатар шетелдік ЖОО-ның түлектері – 3 мың адамды құрап отыр.

Агенттікпен мемлекеттік қызметті цифрландыру аясында өткен жылы «e-Qyzmet» жүйесінде енгізілген мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматы бойынша конкурстардың нәтижелері азаматтардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы біршама артқанын көрсетті.

Онлайн форматтағы конкурстар бойынша бір лауазымға қатысушы үміткерлердің орташа үлесі 4,6 адамды құрап, 1 000-нан аса адам жеңімпаз ретінде танылды. Іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі 22 мемлекеттік органда іске асырылуда және 1 шілдеден бастап ол қосымша 22 мемлекеттік органда енгізіледі. Мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою мақсатында мамандардың біліктілігі мен салалық тәжірибесіне сәйкес оларды «Б» корпусының жоғары лауазымдарына, ал жоғары оқу орындарының грантпен оқыған үздік түлектері үшін аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасу мүмкіндігі берілді. Осылайша, жекелеген жоғары лауазымдарға 442 тәжірибелі маман, ал төменгі лауазымдарға 186 жас түлек конкурссыз тағайындалды, – делінген хабарламада.

Аймақтарға талантты жастарды тартуға бағытталған Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізіліп жатыр. Іріктеуге қатысуға барлығы 11 505 өтінім берілді, құжаттарды зерделеу қорытындысы бойынша заңнаманы білуге тестілеуге – 5 354 адам, жеке қасиеттерін бағалауға – 2 433 адам жіберілді. Құзыреттерді бағалауға 939 адам қатысты.

Ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің апараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл бағдарлама көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу мүмкіндігін береді.

Төрт тоқсан қатарынан неғұрлым жоғары баға алған қызметшілерді ауыстыру тәртібімен келесі жоғары санаттағы лауазымға тікелей тағайындау бойынша енгізілген мүмкіндікке сәйкес былтыр 130 мемлекеттік қызметші лауазымында жоғарылады.

2023 жылы Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес кейінгі екі жыл бойы жоғары бағалау нәтижелерін алған қызметшілер үшін өз қалауы бойынша семинарлар тақырыбын және оқыту ұйымын таңдау құқығын беру бойынша түзетулер енгізілді. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер МҚІА жанындағы Үйлестіру кеңесі айқындаған 43 білім беру ұйымдарында да мемлекеттік органның қызмет бейіні бойынша оқудан өте алады. Мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім мен тәжірибе алу мақсатында олардың тағылымдамасы өткізіледі. Қызметшілер мемлекеттік органдармен қатар ұлттық компаниялар мен мемлекеттік емес сектор кәсіпорындарда да тағылымдамадан өте алады. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тағылымдамадан 329 қызметші өтті, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы