Мемлекеттік қызметкерлер саны қысқартылады

23 Желтоқсан 2021, 12:39
1286
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметкерлер саны қысқартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардағы штат санын қысқарту туралы № 874 қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес министрліктерде, түрлі деңгейдегі әкімдіктерде штат санының лимиті өзгереді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін, - делінген қаулыда.

Өзгелердің жаңалығы