Мемлекеттік қызметкерлер қайта даярлықтан өтуді бастады

22 Тамыз 2022, 09:43
1892
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметкерлер қайта даярлықтан өтуді бастады
PHOTO
Фото: автордан

«Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайта даярлау курстары 22 тамыз бен 4 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өтеді.

Маңғыстау облысынан келген Рахат Елтизаровтың айтуынша, жаңа форматтағы мемлекеттік басқару жүйесінде жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бар.

Жергілікті өзін-өзі басқару заңдарына байланысты бүгін біз көп мағлұмат алып, болашақта жұмыс тәжірибесінде пайдаланамыз деп ойлаймын. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, халықпен етене араласуы арқылы "еститін мемлекет" қағидасының бір бағыты деп есептейміз.  Екі аптаның ішінде біз жақсы курстан өтіп, білікті мамандармен тәжірибе алмасамыз деп ойлаймын,- деді Елтизаров.

Оның айтуынша, жаңа формат жаңа жүйедегі жаңашылдықтарға үйретеді.

Мемлекеттік қызметкерлер қайта даярлықтан өтуді бастады

Кеңес жүйесінде қалыптасып қалған әріптестеріміз бар. Бірақ мемлекеттік дүйеге жаңадан келіп жатқан мамандар жаңа форматта жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшінің ішкі және сыртқы дүниесі таза болуы керек. Ол жемқорлықтан ада болу және халықпен етене байланыс орнату арқылы қызмет ету керек,- деді ол.

Даярлау курстары саяси мемлекеттік қызметшілердің құзыретін жетілдіру, халықтың өмір сүру сапасын және елдің әл-ауқатын арттыру бойынша Ұлттық жобалардың жүзеге асырылу деңгейін жоғарлату «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы тыңдаушыларының құзыретін жетілдіру мақсатында оқыту практикалық кейстердің негізінде өтеді.

Қайта даярлау бағдарламасы жаһандық көзқарас, тиімді коммуникативті дағдылар, стратегиялық ойлау және көшбасшылықты қалыптастыруға бағытталған. Оқыту нәтижелерін қолдану үшін қортынды жобалар Ұлттық жобаларды жүзеге асыру мониторингі бойынша кеңсесіне жолданады.

Өзгелердің жаңалығы