Мемлекеттік қызметкер Қонаев казиноларында 507 млн теңге ұтылған

14 Маусым 2023, 16:25
1022
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметкер Қонаев казиноларында 507 млн теңге ұтылған
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысының құқық қорғау органдарының дерегіне қарағанда, былтыр 305 мемлекеттік қызметкер Қонаев казиноларында 507 млн теңге ұтылған. Олардың 36-сы – Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері.

Осы ретте облыс әкімі «Казино Қонаевтан басқа жаққа көшіріле ме?» деген сауалға жауап берді.

«Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес, ойын бизнесі Қонаевта және Ақмола облысында жұмыс істейді. Оларды басқа аймаққа көшіру ойымызда жоқ. Ойынқұмарлық Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар. Қазіргі таңда казиноларға талаптар қойып жатырмыз. Ойын-сауық орны сияқты абаттандыруды ойластырудамыз, - деді әкім.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ойын бизнесінде 3500 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.

Оның төңірегінде жүрген 3000-ға жуық адам бар. 7000-ға жуық адам сол жерде істейді. Облыста 61 мың халық болса, оның 10%-ы казинода істейді. Ойынханалар жыл сайын 80-95 млрд теңге аралығында салық төлеп отыр. Бұл – жергілікті бюджет үшін үлкен қаражат, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өзгелердің жаңалығы