Мемлекеттік қызметке кір келтіргендер жазасыз қалмайды

14 Наурыз 2023, 20:08
1018
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметке кір келтіргендер жазасыз қалмайды

Былтыр Жетісуда  Әдеп жөніндегі кеңеспен 3 отырыс өтіп, 22 мәселе қаралған. Оның 11 тәртіптік іс, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Әдеп жөніндегі кеңес шешімі негізінде мемлекеттік орган басшыларымен Әдеп кодексі талаптарының бұзылу деректері бойынша 4 тәртіптік жаза қолданылған. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағандары үшін 6 тәртіптік жаза қолданылды. Әдеп жөніндегі кеңеспен жалпы 138 ұсыным жолданып, барлығы орындалыпты.

 Жалпы, Қазақстан Респуликасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті тарапынан әдеп кодексінің нормаларын, қашықтықтан және аралас режимді, жұмыстың икемді кестесін енгізу бойынша, сондай-ақ еңбек заңнамасын қатаң сақтау, оның ішінде үстеме жұмысқа негізсіз тартуға жол бермеу мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

 Сонымен қатар, жүргізілетін жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау жұмыстары барысында да түсіндіру жұмыстарын жүргізу тәжірибесі енгізілген. Осылайша, өткен жылы 50 мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Мысалы, әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделеді.

 Сонымен қатар Департамент қызметкерлерімен Жетісу облысының Әдеп жөніндегі уәкілінің және Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшелерінің қатысуларымен ауылдық және аудандық деңгейдегі еңбек ұжымдарымен 7 кездесу және азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылған.

 Аталған бағыттардағы жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып, тиісті шаралар атқарылады.

Өзгелердің жаңалығы