Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер талқыланды

22 Маусым 2022, 13:18
1024
Бөлісу:
Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер талқыланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелерді талқылауға арналған жиын өтті.

Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер талқыланды

Семинар министрліктің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органмен өзара байланысын нығайту және ведомствоның орталық аппаратының персоналды басқарудың орталықтандырылған қызметінің жұмыс қорытындысы аясында ұйымдастырылды. Жиынға  ИИДМ аппарат басшысы Е. Мұқаев,  Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Ж. Хасен, құрылымдық бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер талқыланды

Алқалы жиында мемлекеттік қызметке қабылдану барысында туындайтын мәселелер мен нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, кадрлық іс жүргізу, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру және тағы да басқа маңызды мәселелер таразыланды.

Семинар соңында қатысушылар кадрлық саясат бойынша бірнеше нақты ұсыныстарын білдіріп, пайымды пікірлерін ортаға салды. 

Өзгелердің жаңалығы