Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жаңа төраға келді

11 Қаңтар 2022, 17:46
1311
Бөлісу:
Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жаңа төраға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Ал Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

 

Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев 1976 жылы туған. 

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. 

Философия ғылымдарының кандидаты. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Алматы заң институтында, академиясында оқытушысы, Ішкі істер министрлігінің, Кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ҚР ІІМ академиясы Кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, Парламенті Сенаты Аппараты әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып қызмет істеген. 

2019 жылдың 20 маусымынан Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары; 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары ;

«Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.

 

Өзгелердің жаңалығы