Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

14 Маусым 2019, 12:41
3022
Бөлісу:
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анар Жайылғанованы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Анар Нұралықызы Жайылғанова

  • Туған жылы: 1969 жылы 10 шілде.

  • Туған жері: Семей қаласы.

  • Білімі: 1991 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік дипломмен бітірді.

  • 1992 жылы  ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының аспирантурасына түсті.

  • 2001-2003 жылдары экономика саласында екінші дәрежелі диплом алды.

  • 2002 жылы "Қазақстан Республикасындағы сот қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.


1991 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істей бастады,

1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңесшісі, 1997 жылы осы соттың судьясы болды.

1999 жылдың маусымында Әділет министрлігінің Сот жүйесін талдау және жетілдіру департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды, ал осы жылдың қараша айында аталған департамент бастығы болып тағайындалды.

1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға маманы лауазымына ауыстырылды.

2000 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы болды.

2008 жылғы 13 наурызда Парламент Сенатының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі 

2016 жылғы наурызда Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты 

2016 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға таныстырылды.

2019 жылдың 27 ақпанынан бастап Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің мүшесі болып сайланды

"Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалімен, "Астана 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. "Құрмет" орденімен марапатталды, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің "Узық мемлекеттік құпиялары" белгісімен марапатталған.

13 маусымда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қаулы қабылдады

"ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталсын. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін", - делінген Қаулы мәтінінде.

Өзгелердің жаңалығы