Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атынан жалған хабарлама таратылды

17 Маусым 2024, 17:43
242
Бөлісу:
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атынан жалған хабарлама таратылды
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Алаяқтар МҚІА төрағасы атынан жалған хабарламалар таратуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі телеграм және ватсапп мессенджерлерінде Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан жалған аккаунттар ашу арқылы хабарламалар таратып жатқан алаяқтар туралы ескертеді.

Белгісіз адамдар қандай да бір деректерге қол жеткізу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады. Жіберілген жалған ақпаратқа сенбеуіңізді және жауап бермеуіңізді, сенімсіз сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы